Сынақты жүргізу әдісі. Тамақ өнеркәсібінде балғалы ұнтақтағышты қолдану кеңінен таралған

Жалпы мәліметтер

Тамақ өнеркәсібінде балғалы ұнтақтағышты қолдану кеңінен таралған, ұнтақтаудың бірінші сатысында қажетті майдаланған бөліктердің жоғары дисперсті қоспасын алу жағдайында қолданылады. Балғалы ұнтақтағыштар сынғыш материалдарды (дән, құмшекер, тұз) қиратуда және құрамында май мөлшері жоғары, ылғалды өнімдерді ұнтақтау кезінде тиімді болып табылады.

Балғалар айналмалы жылдамдық кезінде материалды біріншілік қиратуды қамтамасыз ету керек. Қозғалыс саны заңынан шыға отырып, бұл қажетті жылдамдықты жуықтап анықтауға болады, оны келесі формуламен (1) есептейміз:

(1)

мұндағы: m - ұнтақталынатын бөліктердің массасы; - балғамен бастапқы жанасу кезіндегі бөліктердің қозғалу жылдамдығы; - оның үстінен балғамен ұру кезіндегі бөліктердің қозғалу жылдамдығы; – бөліктерді қиратудың; соққының ұзақтығы.

Материалды ұнтақтау дәрежесі 2 –ші формуламен анықталады:

(2)

мұндағы: - бастапқы өнім бөліктерінің орташа өлшемі; - ұнтақталған өнім бөліктерінің орташа өлшемі.

Ұнтақталғанға дейінгі және кейінгі материал бөліктерінің орташа өлшемін анықтау үшін сынаманы електер жиынтығы арқылы елейді, өткен фракцияларды өлшеп және бөліктер өлшемінің сандық мәнін табады. Балғалы ұнтақтақтағыштарда ұнтақталынған ұнтақтың ірілігі негізінен елек саңылауларының конфигурациясымен және өлшемімен анықталады. Бұл саңылаулардың өлшемі кіші болған сайын, дайын өнімде майда болады.

Ұсатушы-қоспалаушы машинаның схемасы 2.1-суретке сәйкес, ал жалпы көрінісі 2.2-суретке сәйкес келтірілген [38,39]. Оның құрамына келесі бөліктер енеді: станина 7, қабылдаушы науа 1, өнім беруді реттейтін қалақ 2, өнімнің ұсатылу дәрежесін реттейтін қалақ 9, , өнім шығатын құбыр 8, электрмотор 4, басқару пульті 3, резьбалы механизм 5, белдікті тартушы механизм 6, ұсатушы 10.

Өнім шығатын құбырдың 9 көлденең қимасын қалақпен 9 азайту арқылы өнімнің ұсатылу дәрежесін реттеуге болады. Бұл кезеңде ұсатушы машинаның жұмыс камерасында өнім болуы уақыты ұзарады, демек бөлшектер қосымша деформация циклдарына ұшырайды.

Ұсатушы машинаның технологиялық схемасы 2.3-суретке сәйкес, ал ол машинаның кесінді схемасы 2.4-суретке сәйкес келтірілген. Сусымалы шикізатты ұсату келесі тәртіппен жүргізіледі. Қабылдаушы науа арқылы жұмыс камерасына келіп түскен өнім үлкен жылдамдықпен айналушы пышақтардың кесу әсерінен ұсатылады.

Сыртқы қораптың бөлігі болып келетін екі параллель дөңгелектің арасына ротор жайғасқан. Штифтердің қызметін осы дөңгелектерді бекітетін болттар атқарады.

Электр моторын күйіп кетуден сақтау үшін ұсатушыны іске қосудың алдында өнім беруді реттейтін қалақ 2 толық жабық болуы тиісті. Ұсату тиімділігіне келесі факторлар әсер етеді: ротордың айналу жылдамдығы, өнімнің бекемділік қасиеттері, пышақтың өніммен жанасу бұрышы.

Аса үлкен жылдамдықпен айналған ротордың және оның әсерінен пайда болған ауа ағымы өнім бөлшектерін машинаның жұмыс кеңістігінде айналуға мәжбүр етеді. Бұл өнімге әсер етуші күшті азайтады.

Сондықтан ұсатушы машинаның корпусына бекітілген штифтер 3 өнім бөлшектерінің айналу жылдамдығын төмендетіп, әсер етуші күштің шамасын көбейтеді.

Ұсатылған бөлшектерді жұмыс кеңістігінен жылдам аластауын қамтамасыз ету ушін машинаның төменгі бөлігі ашық етіп жасалынған.

2.1 – сурет. Ұсатушы машинаның схемасы

2.2 – сурет. Ұсатушы машинаның жалпы көрінісі

2.3 – сурет. Ұсатушы машинаның технологиялық схемасы

Вид А

2.4 –сурет. Ұсатушы машинаның схемасы (кесінді)

Қабылдаушы науадан келіп түскен өнімді динамикалық жүктеу арқылы пышақты жұмыс мүшелері олардың ірілігі бойынша және рецептіге байланысты біркелкілігін күрт арттырады.

Ұсатылған компоненттердің ірілігін бағалау үшін ірілік модулі М деген ұғым енгізілген. Оны есептеу үшін мына формуланы қолданады [37]

(2.1)

мұндағы Р – електі-талдаушының жинаушы түбіндегі қалдық, г; Р1 Р2, Р3 – диаметрлері 1, 2, 3 мм болып келген дөңгелек саңылаулары бар електердегі сәйкес қалдықтар, г.

Сынақты жүргізу әдісі

Материалдың бір бөлігін (бидай, арпа, жүгері және т.б.) балғалы ұнтақтағыштың бункеріне салады, содан кейін мөлшерлегіш құрылғыны ашып және материалды ұнтақтайды, бастапқыда қабыршықты содан соң кәдімгі електі қолданады.

Ұнтақтаудан кейін дисперсті материалдың сипаттамасын алу үшін, міндетті түрде електі талдау жүргізу қажет. Осы мақсатты жүзеге асыруда 0,1 кг сынаманы алып, 5 минут аралығында електер жиынтығында елейді. Әрбір електе қалған қалдықты техникалық таразыда өлшеп, сынаманың жалпы массасына пайызбен қайта есептейді, алынған нәтижелержі № 1 хаттамаға енгізіп және елек өтімдерінің мәндерін анықтайды.

Хаттама

Үлгі номері Қабыршықты електен кейінгі електік талдау Қарапайым електен кейінгі електік талдау
Електен өткен өтім салмағы, г Өтімнің жалпы пайызы Түсімнің жалпы пайызы Електен өткен өтім салмағы, г Өтімнің жалпы пайызы Түсімнің жалпы пайызы

Ұнтақтағышты сынау үдерісі кезінде ваттметрдің көмегімен электрқозғалтқыштың бос жүрісінің қуаттылығын анықтайды. Содан кейін ұнтақтағышты берілген өнімділікке дейін жүктейді және де жүктемесі бар электроқозғалтқыштың қуаттылығын өлшейді. Ұнтақтағыштан шыққан ұнтақталынған өнімді өлшеп, нәтижесін № 2 хаттамаға жазады. Экспериментті төрт –бес ретқайталап жүргізеді.

Хаттама

Үлгі номері Елек-тің диа-метрі, мм Сына-маның салмағы, кг Сына-маны алудың ұзақ-тығы, с Өнім-ділігі, кг/с Энергия шығыны, кВт Ұнтақ-тауға кеткен энергия ның салыс-тырмалы шығыны кВт·с/кг Дис-перс-тілігімм Ұнтақ-талу дәре-жесі
бос жү-ріске ұнтақтауға


7238419995599889.html
7238449610882665.html
    PR.RU™